2018 жылдың 10 — 12 мамыры күндері «Даналык» колледждің «Медбикелік іс» мамандығының 1,2 курстарының кураторлары тарапынан мерекенің пайда болу тарихымен таныстыру, өмір туралы студенттердің білімдерін тереңдету мақсатында Халықаралық медициналық мейірбикелер Күніне арналған кураторлық сағаттар өткізілді.
Мерекеге нақты деректер бойынша жүз жылдан асса да, ресми түрде мереке ретінде тек 141 елдің қайырымдылық мейірбикелері бірігіп, кәсіптік қоғамдық ұйым – халықаралық медициналық мейірбикелер кеңесін құрғаннан кейін 1971 жылы бекітілді.
Қазақстанда дүниежүзілік медициналық мейірбикелер күні 1981 жылдан бері атап өтіледі.
«Бүгінгі таңда мейіірбике мамандығы тұрақты түрде дүние жүзі бойынша аса құрметтелетін үш мамандықтың бірі болып табылады. Медициналық мейірбикелер медициналық қызметкерлердің ішіндегі ең саны көп санатты құрайды. Біздің елімізде мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарда 150 мыңнан аса медициналық мейірбикелер еңбек етуде. Аталмыш мамандық денсаулықсақтау жүйесінің маңызды бөлігіне айналды».
Денсаулық – басты байлық, онсыз толыққанды және бақытты өмір сүру мүмкін емес, сондықтанда сіздердің еңбектеріңіз әрқашанда сұрансықа ие болды және болып келеді, әрқашан алғысқа және құрметке лайықсыздар. Біліктіліктен, жан жылулығынан және адамдарға жақсылық жасауға қызмет етуге дайын болудан ұлт денсаулығын сақтау саласындағы көп мәселе өз шешімін табады.