2018 жылдың 03 мамыры күні оқытушылар Нургожина А.Т. және Кабенова Ж.Ж «Медбикелік іс» мамандығының 2 курс студенттерімен Халықаралық медициналық мейірбике күніне арналған викторина өткізді. Викторинаның мақсаты студенттерді мерекенің пайда болу тарихымен таныстыру, медбикелік істің негізін қалаушы Флоренс Найтингейлдің өмірі мен қызметі туралы олардың білімдерін тереңдету болды.