Тәрбие жұмысы

МАҚСАТЫ: Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен  адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

МІНДЕТТЕРІ:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу;
Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту;
— Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
— Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу;
Еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау;
Әрбір студентті тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
Колледжде жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
— Колледжде студенттердің психологиялық қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуалды қалыптастыру;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
Отбасын колледж тәрбие процесіне тарту.

 ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТОПТАМАСЫ:

  • Тәуелсіздік және Отаншылдық
  • Бірлік және Ынтымақ
  • Әділдік және Жауапкершілік
  • Заң және Тәртіп
  • Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
  • Жасампаздық және Жаңашылдық

 ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫ:

  • «ҚАМҚОР» — әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН» — білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «SMART BALA» — инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «ШАБЫТ» — білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» — тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «ОҚУҒА ҚҰШТАР КОЛЛЕДЖ» — кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру.

 ТӘРБИЕНІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

— ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 Қаулысы;
— «Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы» ҚР ОАМ  2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ОАМ 2025 жылғы 26 мамырдағы № 123 бұйрығына;
— «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР ОАМ  31.08.2022 ж. № 385 бұйрығы;
— «ҚР білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР БҒМ 30.03.2022 ж. № 117 бұйрығы;
— «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» (ҚР  2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі;
— «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысы;
— «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 31.08. 2023 ж. № 748 қаулысы;
— «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 25.05.2021 ж. № 235 бұйрығы;
— «Баланың құқықтары туралы» ҚР  2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы;
— «Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» ҚР БҒМ 12.01.2016 ж. №18 бұйрығы;
— «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №4 бұйрығы;
— «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 ж. № ҚР ДСМ-76 бұйрығы;
— «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 6.04.2020 ж. №130 бұйрығы; 
— «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» ҚР ОАМ 21.12.2022 ж. № 506 бұйрығы.

View Fullscreen