«Туберкулездің алдын алу» тақырыбындағы онлайн семинар

2021 жылдың 4 наурызында оқытушы Дана Сейткаримовна Бекбергенова Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған «Туберкулездің алдын алу» атты онлайн семинар өткізді.

Семинарда Дана Сейткаримовна студенттерді туберкулездің таралу проблемасымен, жұқтыру қаупі туралы, жыл сайын міндетті флюорография жүргізумен уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы, балалардағы туберкулез ауруының алдын алудың негізгі әдістерімен — БЦЖ вакцинациясы және химиопрофилактикамен таныстырды.

 Семинар өте қызу өтті, пікірталас, сұрақ-жауап болды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *