2018 жылдың 18 сәуірі күні колледж кітапханашысы Ф.К. Абдурахманова 2 ЛД-АК тобының студенттері арасында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған «Туберкулез дегеніміз не?» атты әңгіме өткізді.
Мақсаты: Туберкулездің алдын алу, бұл аурудың белгілерінің ерекшеліктері, таралу жолдары және бұл инфекциямен күресу шаралары туралы ақпараттарды студенттерге жеткізу.
Студенттер туберкулездің таралу жолдары, туберкулезге тексерілу, қауіпсіздік шаралары, ауру жұқтырып алудан сақтану туралы толық ақпараттармен танысты.