2021 жылдың 22 қыркүйек күні «Даналық» колледжінде, орыс тілі және орыс әдебиеті пән оқытушысы А.Джумашева «Тілге құрмет – Елге құрмет!» атты апталықтың салтаннатты жабылу іс-шарасын «Емдеу ісі» мамандығының 1ЛД-АК, 1 ЛД-БК және «Мейіргер ісі» мамандығының 1 СД-БК топ студенттерімен өткізді.
Мақсаты: студенттердің мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру және тілдерді үйренуге және білуге деген құштарлығын арттыру.
Сонымен қатар, жалпы апталықтың жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларды қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттау.
Студенттер өз өнерлері және тіл біргірліктерімен бөлісті.
Іс-шараға колледждің атқарушы директоры Ж.Сарымсақов қатысып, оқытушылармен студенттерді ҚР Тілдер мерекесімен құттықтап, көп тіл білуге шақырды.
Іс-шара өте қызықты, жоғары деңгейде өтті.