«Тіл және сөйлеу мәдениеті» атты ғылыми-практикалық конференция

2018 жылдың 15 наурыз күні «Даналық»  колледжінде орыс тілі пәнінің оқытушысы Тұрлыбекованың К.Д. жетекшілігімен «Тіл және сөйлеу мәдениеті» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция барысында 15 баяндама тыңдалып, оның 9 –ы жақсы деп танылды. Келесідей баяндамалар тыңдалды: «Тіл – сөйлеу мәдениетінің негізі», «Әдеби тіл – біздің байлығымыз, біздің құндылығымыз», «Сөйлеу мәдениеті», «Тілдің байлығы не арқыды айқындалады?», «Сөйлеу этикеті: оның қалыптасуын анықтайтын факторлар», «Сөйлеу мәдениеті», «Кәсіби медициналық ортадағы сөйлеу этикеті».

Студенттер өздерінің ілімдік ізденулерінде сөйлеу мәдениетінің ғылым ретінде шығу тарихын қозғады, сөйлеу мәдениетінің заманауи түсінігі туралы мәселелерді,  сөйлеу мәдениетінің қалыпты, коммуникативті, этикалық аспектілерін қарастырды.

Сонымен қатар ұйымдастырушы студенттер студенттерден сұхбаттар алды. Олар:  Дұрыс сөйлеудің маңыздылығы, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру үшін не істеу керек? – деген сияқты  сұрақтарға  жауап берді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *