Тіл тірегім- соғып тұрған жүрегім

2021 жылдың 17 қыркүйегінде «Тілге құрмет-елге құрмет» атты Тілдер апталығы аясында оқытушы Турлыбекова Күлназия Данышпанқызының жетекшілігімен «Мейіргер ісі» мамандығының студенттерімен «Тіл тірегім — соғып тұрған жүрегім»тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: студенттердің ана тіліне деген құрметін арттыру, олардың бойында өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту, болашақ жас ақындардың шығармашылық қабілеттерін анықтау. Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Қатысушыларға «Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ тіл білімінің атасы» тақырыбында баяндама және тіл туралы қызықты деректер ұсынылды .
Іс-шара барысында колледждің жас ақын-студенттері өз ана тілі туралы өлеңдер оқып, іс-шара соңында соңында «Мақал-сөздің мәйегі» атты сайысқа белсене қатысты.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *