2024 жылғы 16 қыркүйекте колледжде «Қазақстан халықтарының тілдері күніне» арналған «Тіл-бірлік негізі»Тілдер апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараның мақсаты:
-Студенттердің тілдерді оқыту саласындағы негізгі (жалпы мәдени, оқу-танымдық, коммуникативтік-ақпараттық, құндылық-семантикалық) және арнайы құзыреттіліктерінің даму деңгейін арттыру.
— Студенттер арасында шет тілдерін оқытуды насихаттау.
Іс-шара қазақ , ағылшын және орыс тілдерінде өткізілді.
«Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» «Фармация» мамандықтарының студенттері «Мен полиглотпын» викторинасына қатысып, қатысушылардың Отанға деген терең құрмет сезімін және зерттелетін тілдерге деген қызығушылығын оятты.