2021 жылдың 25 ақпанында «Емдеу ісі» апталығы аясында оқытушы Алма Мейірбекқызы Темірбаеваның жетекшілігімен бірінші курс студентері арасында онлайн режимде «Тамақ-у әлде дәрі?» атты іскерлік ойын өткізлді.
Іскерлік ойынның мақсаты: ойынға қатысушыларды белсенді ету, студенттердің шығармашылық күштерін ояту, бір-біріне жақындату; ізгілік пен сенім атмосферасын құру, өз денсаулығын нығайтуға саналы қарым-қатынасты, серіктестік сезімін, командалық рухты, топта жұмыс істей білуді және аудитория алдында онлайн түрінде сөйлеуді тәрбиелеу. Студенттер шағын топтарда жұмыс істеп, келесі тақырыптарды қорғады: Көкөністер мен жемістер, Фаст-фуд, Ұн өнімдері, Ет өнімдері, Энергетикалық сусындар.
Іскерлік ойын жоғары деңгейде өтті.