2021 жылдың 15 наурызында Наурыз мейрамын мерекелеу аясында оқытушы К.Д. Тұрлыбекованың «Табиғат күні» кураторлық сағаты өткізілді.
Наурыз мейрамының негізгі мақсаты — Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.
15 Наурыз-табиғат күні (Жайлау күні). Табиғат төңірегіндегі өмір қазақтардың көшпелі дүниетанымының бір бөлігіне айналды, сондықтан аумақты абаттандыруға назар аудара отырып, күнді табиғатта өткізу маңызды, бұл экологиялық, зияткерлік сананың дамуына және өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.
Бұл күні үй-жайлар, кеңселер тазаланады, алаңдар сыпырылады, қар мен қоқыстан тазартылады.
Адамдар бір-бірінің реніштерін кешіреді, қонаққа шақырады, бірге серуендейді. Бұдан басқа, елді мекен аумағын абаттандыру және көгалдандыру үшін жалпыхалықтық сенбіліктер ұйымдастырылады.