2018 жылдың 8 маусымы күні «Даналық» колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының 3-ЛД-Г тобының студенттері: Ахметов Алишер, Зайнуллова Айым, Жумагужина Сания, Зұлұшова Лола, Искакова Альфия бөлім меңгерушісі Баранбаева Назым Каирбайқызымен бірге Астана қаласының SOS «Балалар ауылына» қарасты «Балаларды дамыту орталығы» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізіп, тағам қауіпсіздігінің негізгі тұжырымдарын, салауатты өмір салтын ойын түрінде өткізілген іс-шара арқылы түсіндірді.
Тағамдық азық – түлік қауіпсіздігі — БДС сәйкес 2015 жылғы Бүкіләлемдік денсаулық күнінің тақырыбы. 2015 жылғы Бүкіләлемдік денсаулық күні адамдардың азық – түліктің қауіпсіздігінің маңыздылығына және сонымен қатар біз қолданатын тағамдық азық- түліктің қауіпсіз екендігіне сенімділік сезімін қамтамасыз ету үшін кез-келген адам қандай роль атқара алатындығына назарын аударды.