2022 жылғы 13 желтоқсанда «Жаратылыстану ғылымдары және әлеуметтік-экономикалық пәндер» апталығы аясында тарих пәнінің оқытушысы Г. Е. Жақсылықованың жетекшілігімен колледж студенттері арасында «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты тарихи-музыкалық кеші өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің өткен тарихымызға ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, елімізді, Отанымызды сүюге, егемен елімізді сақтап, гүлденуге ұмтылатын патриоттық және мықты жастарды тәрбиелеу. Кеш барысында студенттер Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған әндер шырқады, би биледі, өлеңдер оқыды, күйлер орындады.