Тәрбие жұмысы

Тәрбие мақсаты — жасөспірімдерді өмірге дайындау, олардың жеке тұлғалық даму және қалыптасу жолында жетістіктерге жету үшін жүргізілетін тәрбие жұмыстарының алдын ала анықталатын болжамдалатын нәтижелері. Негізгі мақсаты жан-жақты және үйлесімді, бағдарланған, патриоттық сезімі жоғары дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі 29 сәуірде 2015 жылы  № 227.бекіткен  бұйрығына сәйкес тәрбие жұмысының концептуалдық негізіне сүйене отырып жұмыс жасалды.

Тәрбие жұмысын жоспарлауда Қазақстан Республикасының Конституциясы (30 тамыз 1995 жылы жазылып 2011 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілді) «Білім туралы заңы», «Жастар саясаты жөніндегі», «Жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңы,»Мемлекеттік рәміздер туралы»заң, «Есірткі шегу мен есіркіге қарсы күрес бағдарламасы», «Қазақстан-2050: Стратегиясы» «Спид-ке қарсы»  «Кедейшіліктің қысқаруы» «Есірткісіз Астана» атты ұлттық жоспарлар негізінде  және құқықтық құжаттар негізінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тәрбие жұмысының міндеттері:

Тұлғаны шығармашылығы дамыған, адами құндылықтары қалыптасқан, сауатты, адамгершілігі жоғары кәсіби дайындалған, отансүйгіш етіп тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Оқу пәндері мен тәрбие жұмыстары арқылы адами құндылығын қалыптастыру.
  • Медициналық әдеп пен деонтология сонымен бірге азаматтық кәсіби мінез-құлық нормалары арқылы студенттерге моральды және дәстүрлі жағынан түзетулер өткізу.
  • Жаста өміріне саясатты, адамгершілікті, бейбіт пен келісімді, унитарлықты, адам құқығы және тарихи тәжірбие туралы айту.
  • Оқу үрдісі кезінде әрбір студентке қоғамдағы жағымды жұмыстарды игерту.
  • Студенттерге ұжымда жұмыс істеуге қалыптастыру.
  • Еңбек мәдениетінде кәсіби қабілеттілікті арттыруға үйрету.
  • Табиғаттың әсемділігі, өнерді сезіне отырып эстетикалық тәрбиелеу.
  • Салауатты өмір салтын ұстануға, психолгиялық дені сау тұлға қалыптастыру.

Колледж ұжымы жетістікке жету үшін мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:

— Қазақстанға деген отансүйгіштік пен адамгершілігі және адами құндылығын қалыптастыру;

— Құқықтық тәрбие;

— Рухани адамгершілікке тәрбие;

— Еңбек пен кәсібилікке тәрбиелеу;

— Эстетикалық және экологиялық тәрбие;

— Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене-шынықтыру тәрбиесі.

Барлық тәрбие бағыттары бойынша жұмыстар жылдық жұмыс жоспарында, есептерде, әдістемелік әзірлемелерде, жадынамада, отырыс хаттамаларында көрсетілген.

Колледж ұжымы көздеген мақсатқа жетуі үшін төмендегі бағыттарға сүйене отырып жұмыс жасайды.

Колледждегі оқу-тәрбие және сыныптан тыс жұмыстарының бірі ретінде оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы, сыныптан тыс іс-әрекет, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу, мәдени, спорттық- денсаулықты сақтау жұмыстары болып саналады.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *