16.05.2022 жылы ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің бас сарапшысы Жақан Болатұлы Әбілхайров бірінші курс студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру бойынша жұмысты қамтамасыз ету, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң нормаларын мүлтіксіз сақтау тақырыбында дәріс оқыды.
Сөз сөйлеу барысында дәріскер студенттерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның негізгі ережелері туралы хабардар етті, осы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда қамтылған кейбір ұғымдар туралы айтты, ҚР қылмыстық кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін шаралар мен жауапкершілікті түсіндірді, сондай-ақ сұрақтарға жауап берді.