2018 жылдың 2 қазанында «Даналық» колледжінде қызметкерлер мен студенттерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру туралы дәріс өткізілді.
Кездесу халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қатаң сақтау мен құрметтеу сезімін тәрбиелеу, соның ішінде тәртіпті және заң үстемдігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесудің дәріскерлері- Нұршанаева Алмагуль, Астана қ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілі, Жандардадаев Бақдәулет Болатұлы — «Қарсы» қоғамдық жастар қозғалысының төрағасы, Кабенова Жанар Жагпарқызы-колледж кәсіподақ комитетінің төрайымы, Хатпина Бибигуль Жанбулатовна директордың ТЖ орынбасары.