2.06.2021 жылы колледж студенттері үшін «Astana-Adaldyg Alany» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбында онлайн конференция өткізілді.
Конференция дәріскері — қалалық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Jas Otan»жастар қанаты елордалық бөлімшесінің төрағасы Бақдәулет Болатұлы Жанділдаев болды.
Бақдәулет Болатұлы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін тәрбиелеу Қазақстанның стратегиялық дамуының негізгі бағыты болып табылатынын атап өтті. Ол студенттерді парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ұстануға шақырды.