Қашықтықтан оқыту арқылы студенттердің орыс тіліне деген білімдерін тереңдету және кеңейту, сонымен қатар студенттердің сабақтан тыс бос уақытта жұмыспен қамтылуын және белсенділігін қамтамасыз ету мақсатында оқытушы К.Д.Турлыбекованың жетекшілігімен «Менің тілім — менің досым» үйірме жұмысы ұйымдастырылды.
Үйірменің жұмыс жоспарына сәйкес « Емдеу ісі»мамандығының бірінші курс студенттерімен «Тіл — достықтың негізі» тақырыбында онлайн- тақырыптық сабақ өткізілді.
Тақырыптық сабақтың мақсаты:
-студенттердің аудитория алдында сөйлеу қабілетін , эрудицияны, есте сақтау қабілетін дамыту;
— әртүрлі ұлттардың тілдеріне құрметпен қарауға, студенттер арасындағы достық пен өзара түсіністікке тәрбиелеу.
Іс шара жылы және достық жағдайда өтті.