2018 жылғы 2 — 6 сәуір күндері аралығында «Даналық » колледжінде «Емдеу ісі», «Медбикелік ісі», «Фармация» мамандықтарының бітіруші топтарда кәсіптік практикаға жіберу алдында студенттердің практикалық білік және дағдыларын бағалау үшін үзіктер білімі өткізілді. Осы іс-шара барысында ең маңыздысы: міндетті деңгейдегі практикалық біліктері мен дағдыларды студент меңгерді немесе меңгермеді деген сұраққа жауап алу болды. Бақылау жұмыстары келесі арнайы пәндер бойынша өткізілді: Ішкі аурулар, Хирургиялық аурулар, Балалар аурулары, Акушерия, Фармакология, Дәрілік нысандар технологиясы, Фармацияның ұйымдастырылуы және экономикасы, маркетинг және менеджмент негіздерімен. Ситуациялық есептерді шешу, симуляциялық манипуляцияларда және дәрілік нысандарды жасау кезінде практикалық дағдыларды студенттер жоғары деңгейде көрсетті.