2022 жылғы 4 наурызда «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ өкілдері А.С. Усаева, Д. Ғ. Ғабдоллаева және А. Б. Тілеуберген бітіруші топ студенттерімен кездесу өткізді. Орталықтың «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» жобаларымен таныстырып, «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары», қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алу туралы ақпарат берді.
Студенттер барлық сұрақтарына жауап алды.