2019 жылдың 12 қазанында «JAQSYLYQ FOUNDATION QAZAQSTAN» Қоғамдық Қоры және «SENIM MEDIASIA ORTALYGY» Медиация орталығы қоғамда дауларды шешу индикаторларын арттыру, аз қамтылған отбасылар мен қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға ақпараттық, консультациялық қолдау көрсету мақсатында «Даналық» колледжінде студенттер мен қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.