2019 жылдың 28 ақпанында «Даналық» колледжінде «Медбикелік іс» мамандығының 2 курс студенттері арасында «Сандық медицина еліне саяхат» атты викторина өткізілді. Викторинада QR кодтарды қолданып тапсырмаларды орындады.
Іс-шараның мақсаты: информатика пәні бойынша білімдерін жинақтау және тексеру, медицинада ақпараттық технологияларды дамытуға қызығушылық арттыру.