«Репродуктивті денсаулықты сақтау. Ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында семинар

2019 жылдың 15 қарашасында «Даналық» колледжінің студенттеріне Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы О.В. Бондорчук ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 — 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Репродуктивті денсаулықты сақтау. Ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: студенттерде өзін-өзі ұстаудың дұрыс гигиеналық нормаларын қалыптастыру және жыныстар арасындағы таза, шынайы қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу. Студенттер белсенді сұрақтар қойып, оларға жауап алды, сонымен қатар өздері үшін пайдалы ақпаратты білді.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *