2020 жылдың 20 ақпанында «Пульс» үйірмесінің отырысы өтті. Үйірме мүшелері Бейсенова Светлана Сайлауовнаның жетекшілігімен жыл бойы «Кальцийдің ағзадағы маңызы» тақырыбы бойынша жұмыс істеді.
Үйірме жұмысы барысында оқушылар мен студенттер арасында сауалнама жүргізілді, халықаралық конференцияға қатысты, әдебиеттермен жұмыс жасады. Студенттер «Ағзадағы кальций иондарының маңызы», «Ағзадағы кальций жетіспеушілігі кезінде пайда болатын аурулар», «Құрамында кальций бар препараттар мен БАД-ы», «Құрамында кальций бар өнімдер» тақырыбында баяндама жасады.
Өз жұмысының нәтижесі бойынша студенттер ағзада кальцийді сақтау үшін тамақтану бойынша ұсыныстар берді.