«Психикалық денсаулықты қалай сақтау қажет?» атты дөңгелек үстел

2022 жылдың 19 желтоқсанында 19-23.12.2022 ж. бастап өткізілетін » Керемет әлем » психология апталығының ашылуы өтті. Апталықтың ашылуы аясында педагог-психолог А. С. Сейтахметова мен психология пәнінің оқытушысы Н. Б. Толеуова 1-2 курс студенттері арасында «Психикалық денсаулықты қалай сақтау қажет?» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: студенттердің психикалық денсаулығын сақтау дағдыларын қалыптастыру. Дөңгелек үстелде студенттер баяндамалар жасады: Тамақтану, Физикалық белсенділік, өз сезімдерін қабылдау, Эмоцияларын басқару, Әлсіз жақтарын білу, Ойлауды негативтен позитивке ауыстыру, Өз жұмысын мұқият жоспарлау, Таланттары мен қызығушылықтарын дамыту, Жақын адамдарға жағымды тосынсыйлар жасау, Күлімсіреуді бастау.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *