«Professional development for inclusive education» атты семинар

2019 жылдың 7-8 қазанында «Даналық» колледжінің оқытушылары Erasmus+ жобасы аясында ұйымдастырылған «Professional development for inclusive education» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинарды Лейден, Нидерланд университетінің Педагогика Жоғары Мектебі Жоғары Білім Департаментінің білім беру мәселелері бойынша топ жетекшісі D.M. (Daan) Romein MSc және Лейден университетінде білім беру мәселелері бойынша аға кеңесшісі Henk Frencken жүргізді.
Инклюзивті білім беру тақырыбы Қазақстан үшін аса өзекті, өйткені білім беру жүйесінің мақсаттарының бірі ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін оқытудың тең мүмкіндіктерін ұсыну болып табылады. Осы семинарда оқытушылар инклюзивтік білім берудегі негізгі проблемалар мен олардың шешімдерімен, әдістемелерімен және үрдістерімен танысты.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *