«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқылау отырысы

2018 жылдың 13 наурызы күні «Даналық» колледжінің ұжымында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқылау үшін отырыс өтті.  

2018 жылдың 5 наурызы күні Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 5 әлеуметтік бастамасын жариялады. Елбасы әлеуметтік салаға тың серпіліс беретін өзекті мәселелерді жүзеге асыруды тапсырды.  Бұл тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге, еңбекақысы төмен еңбеккерлерді қолдауға, жастардың білім алуына және кәсіпкерлікпен айналысу жағдайының жақсаруына мүмкіндік туғызады – деді тарих пәнінің оқытушысы Колдыбаев Д.О. түсіндіру баяндамасында. 

Оқытушы Хасанов М.Н. өзінің баяндамасында ел Президентінің әлеуметтік бастамалары жастардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына бағытталғандығын атап өтті.  Оның пікірі бойынша тұрғындар арасындағы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аса маңызды және төрт бастама тікелей жастарға қатысты екендігіне назар аударды және халық игілігіне бағытталған Президенттің серпімді әлеуметтік ұсыныстарын кеңінен түсіндіру қажеттілігін атап көрсетті.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *