Ішкі тәртіп ережелері

«ДАНАЛЫҚ» КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ

АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

  • Осы ішкі тәртіп ережелері ҚР Конституциясына, ҚР «Білім беру турлы» заңына, «Даналық» колледжінің Жарғысына, денсаулықсақтау саласының заңнамаларына сәйкес әзірленді;
  • Колледж студенттері ҚР Заңнамаларын, осы ережелерді, колледж әкімшілігінің бұйрықтарымен тапсырмаларын орындаулары қажет;
  • Оқу бағдарламаларын толық меңгерулері, оқу тәртібін сақтаулары қажет: сабақтарды босатпаулары және сабаққа кешікпеулері керек;
  • Босатылған тәжірибелік сабақтар қайта өтіліп, тапсырылады;
  • Кәсіптік тәжірибеден өту барысында емдеу –сауықтыру мекемелерінің ережелерін сақтау қажет;
  • Өзін-өзі ұстау негізінде медициналық әдеп пен деонтология тұжырымдары болуы қажет;
  • Колледждің қоғамдық өміріне, ғылыми – зерттеулік жұмыстарына белсенді ат салысу қажет;
  • Білім алу барысында қолданылатын оқу және медициналық мүлікке ұқыпты қарау керек, оқу орындарын және колледж ауласы мен айналасының тазалығын қамтамасыз ету қажет;
  • Салауатты өмір салтын ұстану қажет;
  • Темекі өнімдерін, алькоголді сусындарды, құрамында есірткілік, токсинді, психотропты элементтері бар заттарды қолданған студенттер жауапкершілікке тартылады; атыс қарудын, суық қаруды, жарылғыш заттарды, пиротехникалық заттарды сонымен қатарадам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да заттарды тасымалдауға және қолдануға тиым салынады;
  • Техникалық қауіпсіздік талаптарын, өрт қауіпсіздігіне қатысты шараларды сақтау қажет;
  • Колледждің киім түрінің үлгісі – ақ медициналық халат, ақ медициналық бас киім, аяқ киімнің ауыстырылуы;
  • Оқу ақысына қатысты келісімшарттағы шарттарды дер кезінде орындау қажет;
  • Семестрлердің қортындылары бойынша үш пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар студенттер колледж студенттері қатарынан шығарылады;
  • Колледждің ішкі ережелерін колледждің барлық студенттері орындауға міндетті, олардың бұзылуы тәртіпке шақыру шараларын қолданудан бастап, оқу орнынан шығаруға дейінгі әрекеттерге әкеледі.