Медициналық колледж студенттерін кәсіби оқыту – бұл практикалық дайындықтын маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады.
Студенттердің практикалық қызметін қамтамасыз ету дайындығын жүзеге асыру кәсіптік оқытудың мақсаты.
Студенттердің жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін, білім мен шеберлікті тереңдету және кеңейту, сондай-ақ мамандық бойынша практикалық тәжірибені меңгеруді қалыптастыру арқылы бұл мақсат іске асырылады.
Өндірістік оқыту және кәсіби практика Астана қаласының емдеу-профилактикалық және фармацевтикалық мекемелерінде сертификатталған менторлардың (тәлімгерлердің) басшылығымен ұйымдастырылған. Осы мақсатта 57 шарт жасалды, оның ішінде 38-і емдеу-профилактикалық және 19-ы Астана қаласының фармацевтикалық мекемелерімен мамандықтың дайындалатын біліктіліктеріне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған. Практика базаларының тізімі «Базалық МҰ тізбесін бекіту туралы» бұйрықпен бекітілген.


