2023 жылғы 26 қаңтарда әдістемелік апта шеңберінде колледж оқытушылары үшін педагог-психолог А.С. Сейтахметова және психология пәнінің оқытушысы Н.Б. Төлеуова педагогтарды эмоционалды жеңілдету және психологиялық ағарту мақсатында «Педагогтың кәсіби күйіп қалуы: еңсеру, алдын алу» атты семинар-тренинг өткізді. Оқытушыларға кәсіби күйіп қалудың алдын алу және стресстік жағдайларды жеңу бойынша ұсыныстар берілді.