Қашықтықтан оқыту кезінде оқытушыларға арналған бірінші курс студенттерін бейімдеу бойынша ұсыныстар
· Психологиялық және жас ерекшеліктерін, интернетке қосылу жылдамдығын ескере отырып, онлайн сабақ жүргізу кезінде студентке жеке көзқарасты ескеріңіз.· Үй жұмысы мен жазбаша жұмыс көлемін реттеңіз.· Студенттердің хаттарына, өтініштеріне міндетті түрде жауап беруге тырысыңыз.· Егер онлайн сабаққа қосылуда қиындықтар туындаса, студенттерге міндетті түрде ескерту жасаңыз. Олармен байланыс пен сенімді қарым-қатынас орнату үшін оларға назар мен құрмет өте қажет.· Қателіктер мен түсінбеушіліктерге төзімді болыңыз. Студенттер үшін, сондай-ақ оқытушылар үшін онлайн сабақ жаңа тәжірибе болып табылады. Олар өзін қалай дұрыс ұстауды, қалай әрекет ету керектігін біле бермейді. Сіз олардың қателіктеріне төзімділікпен қарауыңыз керек.· Хат-хабарлардың этикалық нормаларын сақталуын бақылаңыз. Кез-келген адам, тіпті ересек адам, хат-хабардың барлық этикалық стандарттарына сәйкес желіде сөйлесе алмайды. Егер студент шектен шыққан болса, ол үшін мұны көрсету маңызды, бірақ барлығының алдында ескерту жасамаған дұрыс. Сабақтан кейін жеке байланысқа шығып, мінез-құлық нормаларын айтқан жөн.· Студенттермен оң кері байланыста болыңыз. Олар күні бойы компьютер алдында жалғыз, сабақтары мен тапсырмаларымен өз бетінше отырады. Онлайн режимінде оқытушылар олардың үйіне жеке өзі келеді деген сезімді тудырады. Сондықтан оқытушының өз студенттеріне қуаныш көрсетуі өте маңызды. Ол күлу, амандасу, мақтау. Сабақта жағымды нәрсені міндетті түрде атап өту маңызды, осылайша студенттер қолдарынан бір нәрсе келді деген әсерде болады.
Ата-аналарға қашықтықтан оқыту бойынша ұсыныстар