«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы талқыланды

2019 жылдың 21 қаңтарында колледжде «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы талқыланды. Талқылауға колледж оқытушылары қатысты. Осы Заң педагогтің мәртебесін айқындайды және оның құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейді.
Заң Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын тәрбиелеген педагогтарды ақшалай ынталандыруды көздейді. Басқа да көптеген төлемдер мен жеңілдіктер қарастырылған. Кейбір заңнамалық актілерге оқушы мен мұғалімнің жүктемесін төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *