«Пандемия кезінде фельдшердің рөлі» атты дөңгелек үстел

«Даналық» колледжінде 22.02.2021 – 26.02.2021 аралығында дәстүрлі түрде «Емдеу ісі» апталығы өтеді.

Апта бойы офлайн және онлайн режимінде дөңгелек үстелдер, конференциялар, оқыту семинарлары, іскери ойындар, «Үздік фельдшер» кәсіби байқауы өтеді.

Апталықтың ашылуы аясында «Пандемия кезіндегі фельдшердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Нұр-Сұлтан қаласының «Жедел жәрдем станциясының» фельдшерлері Ақмарал Төкенова және Тимур Әбсамет- колледждің түлектері шақырылды.

Шақырылған қонақтар жедел жәрдемдегі жұмыстың ерекшелігі, пандемия кезіндегі жұмыстың ерекшеліктері туралы айтты.

Дөңгелек үстелге қатысқан колледж студенттері көптеген сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *