«Отбасын жоспарлау» атты колледжішілік конференция

2021 жылдың 26 ақпанында «Емдеу ісі» апталығы аясында бітіруші топ студенттері оқытушы Бисембаева Айман Карбузовнаның жетекшілігімен бірінші курс студенттері арасында «Отбасын жоспарлау» тақырыбында колледжішілік конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты: қазақстандық жастардың ерте және қалаусыз жүктілік мәселелері және ерлер мен әйелдердің контрацепциясының заманауи әдістері туралы хабардар болу деңгейін арттыру.

Конференция барысында 4-ЛДГ тобының студенті Махамедиева Роксана, Жасауи Диана, Мельникова Анастасия және Акишина Алена баяндама жасады. Бірінші курс студенттері толық ақпарат алып, сұрақтар қойды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *