31.03.2021 жылы «Даналық» колледжі студенттерінің ата-аналарына арналған «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында педагог-психолог Сейтахметова А.С. ZOOM платформасы арқылы «Отбасы-тәрбие бастауы» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Семинардың мақсаты: ата-аналарды біртұтас білім беру кеңістігіне тарту, ата-аналарға даму мен тәрбиелеу туралы ақпарат берудің жүйелі тәсілін ұйымдастыру, сонымен қатар студенттердің психологиялық және физикалық денсаулығын сақтау.