«Отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту» атты дөңгелек үстел

2018 жылдың 26 наурызы күні «Даналық» колледжінің «Фармация» бөлімінің меңгерушісі Жагипарова Аида Каримовна «Фармация» апталығының шеңберінде «Отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Дөңгелек үстелге «SANTO»,  «Нобель АФФ»  АҚ фармацевтикалық компаниялардың медициналық өкілдері, колледждің оқытушылары мен студенттері шақырылды. 

Дөңгелек үстел мақсаты:

  • Отандық дәрі – дәрмектермен таныстыру;
  • Қазақстан Республикасындағы отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту мәселелерін талқылау.

Дөңгелек үстел барысында келесідей сұрақтар талқыланды:  Отандық фармацияның дамуы ел экономикасына қалай әсер етеді. Біздің еліміздің саясаты фармацевтикалық компаниялардың дамуына қалай әсер етеді. GMP стандартизациясы дегеніміз не және оның маңызы.  Біздегі қандай препараттар GMP  стандартқа ие. Отандық өндірушілер бүгінгі күні болашаққа  қандай міндеттер қояды, жұмыс орындары көбейе ме.

Алтын Сапа сыйлығы. Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы фармацевтикалық өндіріс мәселелерін талқылауға белсене араласты.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *