2021 жылдың 05 мамырында куратор Зейнолдина Айгүл Серікбайқызы өз жетекшілік ететін 1 СД-АК тобымен 7 мамыр «Отан қорғаушылар күні» және 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесіне орай кураторлық сағаттарын өткізді. Кураторлық сағатының мақсаты — Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Сағат барысында ата, ағаларымыздың ерліктері жайында бейнежазбалар көрсетілді.