«Ойлан, тап!» зияткерлік ойыны

2018 жылдың 20 сәуірінде «Даналық» колледжінде биология пәнінің оқытушысы А.С. Зейнолдина «Нақты және жаратылыстану ғылымдары» апталығы аясында 1 ЛД-АК және 1 ЛД-ВК топтарының студенттері арасында «Ойлан, тап!» атты зияткерлік ойынын өткізді.

Бұл сайыстың мақсаты:

  • студенттердің биология курсы бойынша алған білімдерін бекіту, тереңдету, жан-жақты мәлімет беру, толықтыру және қорыту;
  • студенттердің алған білімдерін қолдана білуге үйрету, биология ғылымының қолданысы мен маңызын, қажеттілігін түсіндіру;
  • биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сайыс бес кезеңнен тұрды:

I-кезең: «Таныстыру, төс белгіні  қорғау».

II-кезең: «Табиғат сыры».

ІІІ-кезең: «Сергіту»

IV-кезең: «Әлемде талай қызық бар…»

V-кезең: «Мақал-мәтелдер жалғастырып, Жұмбақтар шешу»

Сайыста студенттер өздерінің білім деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша 1-ЛД-АК тобы жеңіске жетіп, Мақтау қағазымен марапатталды..

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *