2019 жылдың 15-19 сәуір аралығында «Даналық» колледжінің 1 курс студенттерімен «Эверест» спорт кешені базасында оқу-дала жиыны өткізілді.
Жиындарды АӘД оқытушы – ұйымдастырушысы Б. Д. Сарсембаевтың басшылығымен «Астана медицина Университеті» АҚ-ның әскери кафедрасының офицерлері өткізді.
Оқу-дала жиындарының мақсаты: студенттердің ҚР ҚК қызметі туралы түсініктерін және әскери іс негіздері бойынша білімдерін қалыптастыру; студенттердің өмірлік дағдылары мен қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Жастардың алғашқы әскери даярлығы:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рөлін, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының құрметті міндеттері ретіндегі әскери қызметтің мәнін, әскери анттың негізгі талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларын зерделеу;
қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды алу мақсатында өткізіледі;
төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру.
Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери даярлықпен тығыз байланыста және жастардың әскери істі, төтенше жағдайларда қорғану құралдары мен тәсілдерін жақсы меңгеруіне ықпал етуі тиіс.