2024 жылдың 26 мамыр күні №5 «Отбасылық денсаулық орталығының» дәрігер терапевті Г.Мукатаеваның жетекшілігімен «Емдеу ісі» мамандығының 1ЛД-ВК, 1ЛД-Г топтарының студенттерімен Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлық: сұрақ-жауап» тақырыбында конференция өткізді. Конференцияның мақсаты: ПБЗ жаңа түрлерін қолданудың алдын алу, есірткінің теріс салдары туралы хабардар ету және жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру.