2025 жылдың 7, 11 маусым күндері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және «Досбол like» жобасының жоспарын орындау мақсатында АӘД пәнінің оқытушысы Қ.Гаипов, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Б.Токтаровтың ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Мықтылар. Батылдар. Жылдамдар» атты әскери-спорттық ойын өткізілді. Мақсаты: студенттердің бойында патриоттық рухты қалыптастыру, әскери-қолданбалы спорт түрлеріне қызығушылықты арттыру, СӨС насихаттау, командамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту және елін, жерін қорғауға дайын, дені сау, белсенді азамат тәрбиелеу.
