2021 жылдың 6 наурызында «Жалпы білім беру және жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК апталығының аясында, оқытушы Зейнолдина Айгүл Серікбайқызы өзі жетекшілік ететін 1- СД-АК тобының студенттерімен биология пәні бойынша «Метаболизм түрлері» тақырыбында жаңартылған бағдарлама бойынша онлайн ашық сабақ өткізді.
2021 жылдың 6 наурызында «жалпы білім беру және жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК апталығы аясында оқытушы Зейнолдина Айгүл Серікбайқызы жаңартылған мазмұн бойынша 1-СД-АК тобының 1-курс студенттерімен «Метаболизм түрлері» тақырыбында онлайн режимінде ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты – биологиялық білімдерін жетілдіру, заманауи технологияларды пайдалана отырып, студенттердің тақырыпты терең меңгеруіне бағыттау. Сабақ барысында оқытудың инновациялық және ақпараттық технологиялары, соның ішінде Quizizz, Learning Apps қолданылды. Сабақ жоғары бағаланды. Атап өтілді: сабақтың терең мазмұны, оның қанықтылығы, студенттердің белсенді қызметі, пәндік білімдері мен біліктері.