2022 жылдың 6 сәуірінде арнайы пәндер оқытушысы Бисембаева Айман Карбузовна «Қорған базалық медициналық колледжі» МБПОУ ұйымдастырған «Дені сау ұрпақ-ел байлығы» атты VIII халықаралық қатысумен өңіраралық аймақаралық форумы аясында өткізілген «Менің педагогикалық бастамам» атты педагогтардың шығармашылық зертханасына қатысты. Айман Карбузовна «Қан кету кезіндегі мейіргер үдерісі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Педагогтердің шығармашылық зертханасы оқытушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, әдістемелік шеберлігін арттыру, педагогикалық тәжірибесін тарату, оқытушы жұмысының беделін арттыру мақсатында өткізілді.