2023 жылғы 24 ақпанда колледжде «Мейіргер ісі» мамандығының «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігінің алғашқы түлектерінің дипломдарын табыстау салтанаты өтті.
Студенттер курстық жұмыстарын сәтті қорғап, қорытынды аттестаттаудан өтті.
Колледж директоры Ж. Б. Сарымсақов өзінің құттықтау сөзінде колледждің заманауи дамуы денсаулық сақтауды дамыту мен құзыретті мамандарды оқытудың өзекті мәселелеріне негізделгенін атап өтті.
Колледжді бітіргені туралы дипломдармен бірге үздік түлектерге алғыс хаттар табысталды.
«З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ
түлектеріне табыс, мансаптық өсу және үлкен жеңістер тілейміз!