«Мейіргер ісі» апталығы

«Даналық» колледжінде 11.05.11 мен 14.05.2021 аралығында «Мейіргер ісі» апталығы өтеді.
Қашықтық оқыту форматында пәндік олимпиадалар,  дөңгелек үстелдер, практикалық конференциялар мен семинарлар, «Үздік мейіргер-2021» кәсіби байқауы жоспарланған.
«Мейіргер ісі» апталығын «Медициналық-профилактикалық мекемедегі мейіргердің рөлі» атты семинар – практикум ашты. Семинарға  Көпсалалы медициналық орталықтың қызметкерлері шақырылды: бас медбике Ж.Т.Мусулканова; хирургия бөлімінің аға медбикесі Кусаинова Г.М., терапевтік бөлімнің аға медбикесі Абылкасова М.Б.
         Практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері, біздің колледждің әлеуметтік серіктестері онкологиялық диспансердегі жұмыстың ерекшеліктері мен мейіргердің рөлі туралы айтты.
Семинарға қатысқан колледж студенттері патология статистикасы, мамандандырылған медициналық мекемелердегі байланыс ерекшеліктері және колледжді бітіргеннен кейін болашақ жұмысқа орналасу туралы көптеген сұрақтар қойды.

  

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *