12.05.2018 жылы «Даналык» колледжінде оқытушылар Г.Е. Жакипбаева мен А.К. Енсебаеваның жетекшілігімен 3-ЛД-БК және 2-ЛД-АК тобының қатысуымен Халықаралық медициналық мейірбикелер Күніне арналған «Мейірбике күні» атты конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты: студенттердің білімін ғылыми тұрғыдан өз бетінше толықтыра алуын дамытуға бағыттау, студенттердің мейірбике ісінің даму тарихы туралы білімін тереңдету және тәрбиелік тұрғыда өз мамандығына деген жауапкершілікті, ұқыптылықты сақтауды, науқасқа деген қарым-қатынасты сезіндіре білу.
Студенттер мемлекеттік және орыс тілдерінде баяндама оқыды. Олар би билеп, ән айтып, өлен оқыды. Соңында шағын сайыс өткізілді. Болашақ мейірбикелерге құттықтау сөздер айтылды.
