2020 жылдың 24 желтоқсан күні «Керемет әлем» атты психология апталығы аясында «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәнінің оқытушысы Толеуова Н.Б. «Медициналық психология: зерттеулер, оқыту, практика» атты тақырыпта студенттер конференциясы өткізді. Конференция мақсаты: студенттердің психология негіздері туралы білімдерін кеңейту, тақырыпқа материал жинақтау, зерттеу, қорытынды жасау дағдыларын дамыту; Міндеті: студент жастардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту, зерттеудің психологиялық мәдениетін қалыптастыру, студент жастарды психология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады. Конференция нәтижесі бойынша ғылымилық және зерттеу жағынан әділ қазылар өз бағасын берді. Конференция қорытындысы бойынша 1 орынды 3ЛД-БК тобы Қабдылашім Нурлыбек, 2 орын 3ЛД-Г Пайгозин Роман, 3 орындарды 3ЛД-АК Байсенова Индира студенттері марапатталды.