«Медициналық психология: зерттеулер, оқыту, практика» атты колледжішілік конференциясы

2019 жылдың 25 желтоқсан күні «Керемет әлем» атты психология апталығы аясында  «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәнінің оқытушысы Толеуова Назым Бейбитказыевна «Медициналық психология: зерттеулер, оқыту, практика» атты колледжішілік конференциясын өткізді.
Конференция мақсаты: студенттердің психология негіздері туралы білімдерін кеңейту, тақырыпқа материал жинақтау, зерттеу, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.
Міндеті: студент жастардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту, зерттеудің психологиялық мәдениетін қалыптастыру, студент жастарды  психология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады. Конференция нәтижесі бойынша ғылымилық және зерттеу жағынан әділ қазылар өз бағасын берді.
Конференция қорытысы:
1 орын -Әбдікерім Мәди, Қайырғалиев Ерасыл 3ЛД-БК тобы;
2 орын -Стегний Ольга2ЛД-Б-11;
3 орын- 3ЛД-БК Наврузбаев Санжар және 3ЛД-Г Игнатенко Александр.
Студенттер дипломдармен марапатталды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *