2018ж. 23 мамырында «Даналық» колледжінің кәсіптік оқыту жөніндегі директордың орынбасары Р.Т.Елеуова мен клиникалық пәндер оқытушысы З.К. Меерманованың ұыймдастыруымен №1 Перинаталды орталықта «Медициналық этика және деонтология, биоэтика. Медбикенің Кодексі» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел модераторы Злиха Калижаровна Меерманова болды.
Дөңгелек үстел жұмысына №1Перинаталды орталықтың бас медбикесі Зауреш Илюкеновна Абдыкалыкова, бөлімшелердің аға медбикелері, «Даналық» колледжінің студенттері қатысты.
Елеуова Райхан Турсынгалиевна кіріспе сөзінде науқастардың жазылуына орта буын медицина қызметкерлерінің адал жұмысы тәуелді екені туралы айтты.
Зауреш Илюкеновна «Даналық» колледжі №1Перинаталды орталықтың 2005 жылдан бері әлеуметтік серіктесі екенің еске сала отырып Қазақстандағы медбикелік іс реформалары туралы сөз көтерді.
Орталық зарарсыздандыру бөлімшенің аға медбикесі Индира Каирбаевна Ажибаева медбике және акушерка маманыдығы туралы мәлімдеме берді.
Медбикенің Кодексі туралы Шала туылған нәрестелерді күту бөлімінің аға медбикесі Қарлығаш Кабдировна Қалдыбекова хабарлама жасады.
Колледж студенттері дөңгелек үстелге белсенді қатысты: өз пікірлерімен бөлісіп сұрақтар қойды.