«Медициналық ұқыпсыздық» атты дәріс

2019 жылдың 28 наурызында «Даналық» колледжінің студенттері үшін «Право» ҚҚ-мен бірлесіп «Медициналық ұқыпсыздық» атты дәріс өткізілді.

Ұқыпсыздық – ол дәрігердің немесе медбикенің емделушіге қатысты, оның денсаулығына, өмірі мен құқығына зиян келтіретін  немқұрайлылығы, зейінсіздігі. Егер дәрігер науқасты бейберекет қараса немесе ұқыпсыз тыңдаса, медбике дәрі тамызғышты қалай болса солай оны қою ережесін бұзса немесе қауіпті инфекциялар жоқ деп ойлап құрал жабдықтарды мұқият өңдеп залалсыздандырмаса осылардың барлығында ұқыпсыздыққа жол берілді  

Емделушіні соңғы күндеріне дейін күту, оның өмір сүру сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етіп отыру, ұтымды емдеу, сырқаттың алдын алу және санитарлық-ағартушылық жұмыстарын жүргізу, емделушіге күтім көрсету, психологиялық қолдау көрсету, емделушіге және оның туыстарына жедел жәрдем көрсетуді үйрету, дәрігердің тағайындауларын орындау бұл тізбедегілердің барлығы медициналық қызметкерлерге жүктелетін  міндеттердің аз ғана бөлігі.

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *